Мамандық атауы
Мамандығы: 1504000 «Фермер шаруашылығы» (бейіндері бойынша)
Біліктілігі: 150406 2 «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист»
150408 2 «Автокөлік жүргізуші»
Бір – біріне жақын кәсіптер
Техник-механик, фермер,агроном, слесарь жөндеуші
Кәсіби қызмет салалары
Қызмет көрсету: техникаларды басқару, техникалық қызмет көрсету, ауыл шаруашылық.
Мамандықтың сыныптамасы
Мамандық «Адам-техника» типіне жатады.
Техникалық обьектілердің ерекшеліктері:
- Көптеген белгі бойынша нақты өлшемді талап етеді;
- Өңдеу, өзгерту,кеңістікте қозғалу немесе бағалауда жұмысшыдан нақтылық, анықтылық талап етіледі;
- Ұқыптылық пен жоғары орындаушылық тәртіп қажет.
Техника адамдарды шығармашылыққа, жаңашылдық, ойлап табуға итермелейді. Сондықтан ойлау қабілетінің жоғары дәрежеде болғаны жөн.
Еңбек пәні бойынша мамандық түрлері: ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларды басқару, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, оларды ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру бойынша технологиялық процесстерге қолдану (топырақты өңдеу, мелиорация, химикаттау және т.б); автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жолаушы, жүк тасымалдауды жүзеге асыру.
Мақсат белгісі жөніндегі мамандық түрі: ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларға қызмет көрсету және басқару процесі; автокөлік құралдарын еркін басқару процесі.
Еңбек құралын пайдалану бойынша мамандық түрі: механикалық, машинамен атқару
Еңбек жағдайы бойынша мамандық түрі: ашық ауада
Мамандық сипаты: атқарушылық (алгоритмдік); еңбек сипаты бойынша ауыл шаруашылығындағы тракторшы-машинист, жүргізуші мамандары бір типті жұмыспен байланысты, техниканың жұмысын ұйымдасқан нақты белгіленген алгоритм бойынша, берілген стандартталған міндеттерді шешу кезінде үлгілер мен нұсқаулықтарды толығымен сақтай отырып, орындайды.
Мамандыққа сипаттама
Тракторшы-машинист ауыл шаруашылығында кең таралған мамандық. Ол әр түрлі тракторларды басқарады (шынжыр табанды,дөңгелекті) Көктем-жазғы кезінде тракторшы-машинист топырақты қопсыту, дәнді себу, өсімдіктерді күту, дәнді дақылдарды жинау жұмыстарына қатысады, мал фермалары мен комплекстерге күтім жасайды.
Сонымен бірге күнделікті тракторлар мен агрегаттарды күту, ақауларын қалыпқа келтіру, слесарь-монтаждық жұмыстарды орындау және тракторды қысқа сақтауға дайындайды.
Ауыл шаруашылығындағы тракторшы –машинист трактордың жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Ол трактордың, аспалы агрегаттардың құрылысы мен жұмыс принципін және ақауларды қалыпқа келтіру жолдарын біледі,жолда жүру ережесін сақтайды, агрегаттармен,құрылғылармен жұмыс жасай алады.
Жүргізуші-бұл білікті жұмысшы, әр түрлі көліктерді, соның ішінде жеңіл, жүк автомобильдерді басқарады. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдайды.Жүргізуші маманы жауапкершілікті талап етеді, себебі жұмыстын сапалы орындауы адам өміріне тәуелді.
Маманның жеке ерекшелік қабілетіне қойылатын талаптар
- Жақсы көру және нақты көлемді көзбен өлшеу
- Қолдың жақсы координациясы
- Назар аудару
- Есте сақтау қабілеті
- Шыдамдылық
- Тәртіп
- Жақсы реакция
- Кеңістікті жақсы бағдарлауы
Медициналық қарама-қарсылық
- Аллергиялық реакция
- Психика мен жүйке жүйесінің бұзылуы.
- Созылмалы бронхит
- Дерматалогиялық аурулар (экзема)
- Көру,есту,сөйлеу органдарының ауруы;
- Жүрек ауруы
Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист және автомобиль жүргізушісі білу керек:
- Ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларының жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды;
- Тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарын басқаруды;
- Техникаға техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу жүргізуді, қозғалтқыштардың тетіктері мен жүйелерін ретке келтіруді және реттеуді;
- Орындалған механикаландырылған жұмыстарға қойылатын агротехникалық талаптарды сақтау;
- Ауыл шаруащылық машиналары мен тракторларының жұмысын ұйымдастыруды;
- Агрегаттардың, тораптардың сұлбаларын оқуды;
- Тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарына қызмет көрсету, техникасын сақтау;
- Тракторлар мен машиналарға қолданатын қарапайым реттеу операцияларын орындауды;
- Тракторлар мен машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындауды;
- Автомобиль көлігінің жұмысын ұйымдастыру және бақылауды;
- Автокөлікке басқаруды;
- Жұмыс тәртібін сақтау, орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды;
- Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу жүргізуді;
- Көлік құралдары жұмысының барынша оңтайлы тәртібін таңдауды;
- ЖЖМ-ға қажеттілікті есептеуді;
- ЖЖМ-ді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды;
- Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді орындауды;
Қолдану аймағы
Тракторшы- машинист ауыл шаруашылығындағы әрбір мекемелерде және агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс жасай алады.
Жүргізуші ұйымдарға және жеке бас колданушыларға жүк, жолаушы тасымалдау қызметін кең көлемде атқарады және қоғамдық көлік паркілерінде, гараждарда, парковкаларда қызмет ете алады.
Еңбек жағдайы
Ауыл шаруашылығындағы тракторшы-машинист маманы жеке немесе ұжымда жұмыс жасай алады. Жұмыс күнінің көбі ашық ауада өтеді.
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист қолмен ұсталатын жабдықтармен , арнайы технологиялық құрылғылармен,малдар мен дәнді дақылдарды күтуге арналған машиналармен жұмыс жасайды.
Ереже бойынша жұмыс барысында арнайы киім киеді. Қолды қорғау үшін қолқап пайдаланады.
Жүргізушінің жұмыс орны автокөліктің кабинасы және автокөлікке күтім жасайтын орындар гараж немесе автотұрақ.Автокөлікті басқару руль, арнайы рычаг пен басқару иінтірегі арқылы жүзеге асады.Ұйымның алдына қойған талаптарына байланысты жұмыс күні әр түрлі болады (толық жұмыс күні,смена сайын, дәлелді шақыру).
Кәсіби бейімділік
- Тұмау аурулары
- Жараққаттану
- Остеохондроз
- Асқазан аурулары (гастрит,язва т.б.)
Талап етілетін кәсіби білімдер
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист болу үшін техникалық және кәсіптік білім алу қажет.
Жургізуші маманың әр бір автомектептерде оқып алуға болады. Бірақ жұмыс берушілер жүргізушінің орта кәсіптік білім және аралас мамандықтар бойынша жоғары білім болғанын жөн көреді.
Білім беру мекемесі
Маман болу жолдары: Ақсай техникалық колледжі, өндіріс орнында оқу (біліктілікті разрядын арттыру), автомектептерде.
Мансаптық өсу
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист,жүргізуші бойынша кәсібилікті артыру, күрделі және жауапты міндеттерді орындап, үнемі кәсіби білімін жетілдіріп, өз разрядың, категориясын арттырып, мамандық шеңберінде жаңа мамандықтарды игеру. Экономика саласынан жақсы білімі болса және өз разрядын үнемі арттырып жатырса жеке кәсіпорын ашуға мүмкіндігі болады. Уақыт келе еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бола тұра жетекшілік лауазымдарына үміттене алады.