ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Колледж тарихы

Ақсай техникалық колледжі жөнінде қысқаша мәлімет

Ақсай техникалық колледжі 1958 жылы Орал облысы, Теректі ауданы, Буденов селосындағы № 99 машина трактор станциясы негізінде құрылған болатын.

1981 жылы Ақсай қаласында көшірілді. Бірнеше жылдар ішінде оқу орнының аты да, мәртебесі де өзгерді. Бүгінгі колледж- жылдар бойы жинақталған ардагерлер тәжірибесі мен қазіргі білімдік бағдарламаларды біріктіретін жаңа жүйе бойынша іргелі білім мен білікті меңгеретін, сондай-ақ қосымша білім беру қызметінде кең өріске ие болған, қайта дайындауға және өндірістен қол үзбей біліктілікті арттыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған оқу орны. Колледждің материалдық базасы оқу зертханалары мен кабинеттерін, спортпен акт залдарын, кітапхана мен асхананы және интернет желісіне қосылған кабинеттерді қамтиды. Студенттерді өндірістік практикадан өткізумен бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыруда бірнеше компаниялармен серіктестік қызметтеміз. Олар: «КПО б.в» компаниясы, «Ақсайавтотранс», «Ақсайгазсервис», «Казбургаз», «Транспортник», «Ақсай тағам өнімдері» т.б.компаниялар, өндіріс орындары. Жыл сайын 150 түлек колледжді бітірсе, оның 80 пайызы еңбекке сөзсіз орналаса алады. Түлектердің кейбіреулері сырттай, іштей жоғары оқу орындарына түсіп, оқуларын жалғастыруда. Колледж сіздерді тегін оқу, мемлекеттік үлгідегі диплом, ай сайынғы шәкіртақы, тегін тамақ, тегін жатақхана, түрлі қызықты үйірмелер, жарқын студенттік өмірмен қамтамасыз етеді.

Дияров Мирбулат Мұрадымұлы басшылық ететін білім ошағында қазіргі таңда 341 студент кәсіптік білім алуда.

Ақсай техникалық колледжі Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті 2012 жылдың 29 қарашада берген №12022659 мемлекеттік лицензияға сәйкес жұмыс атқаруда.

Өзінің ширек ғасырлық тарихында бірнеше рет атауы өзгертіліп, соған сай оқытылатын мамандықтар атауы да өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезде оқу орыны сұранысқа ие мамандықтарды ашып, оқу жоспары мен бағдарламаларын жетілдіріп, мамандықтарды даярлау деңгейін арттырумен айналысуда.

Сонымен қатар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін колледжде материалдық – техникалық базасы нығайтылып, жаңаша жабдықталған оқу кабинетттері, оқу – зертханалық шеберханалары мен лабораториялары жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда колледжде мына мамандықтар бойынша қазақ және орыс тілдерінде мамандарды дайындау жүргізілуде.

Атап айтсақ,

  • Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар;
  • Дәнекерлеу ісі;
  • Фермер шаруашылығы;
  • Тамақтандыруды ұйымдастыру;
  • Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • Мұнай және газды қайта өндеу технологиясы;
  • Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;

Аталған мамандықтар бойынша білім беру үрдісінде 29 оқытушы және 11 өндірістік оқыту шебері жұмыстанады.

Наша история

Наши директора

Колледж жетістіктері

Copyright © 2023
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"