Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Жұмысшы мамандықтар жылы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ұйымдастырған байқауда «АКсалам Групп» ЖШС кадр даярлау бағыты бойынша «Үздік кәсіпорын – 2025» номинациясында 1-орын иеленді.

Сонымен қатар «AK Salam Group» ЖШС компаниясына қарасты «Самал» қонақ үй кешенінің директоры Майманова М.С. өндірістегі «Үздік тәлімгер – 2025» номинациясы бойынша 1-орынға лайық деп танылды.

Бұл марапаттар Аксай техникалық колледжі ұсынған әлеуметтік серіктестердің жоғары кәсіби деңгейін және бірлескен жұмыстың нәтижелілігін көрсетеді.

 

 

27.05.2025ж күні 32 топ студенттері Ақсай қаласындағыГарантЖШС- на практикалық экскурсияға барды. Экскурсовод Автокөлік кешенінің менеджері Барабаш С.С. түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты студенттерге практикалық білімдерін бекіту, болашақ мамандарға кәсіби бағдар қалыптастыру.

 

 

2025 жылдың 22-25 сәуір күндері өткен WorldSkills Oral – 2025 облыстық чемпионатында колледж студенттері жүлделі орындарға ие болды:

1.      «Электромонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша – 1 орын: 3 курс студенті Байдак Денис, жетекшісі Стороженко Сергей Николаевич.

2.      «Химиялық зертханалардың технологиясы» құзыреттілігі бойынша – 2 орын: 3 курс студенті Таджибаев Алмаз, жетекшісі Азбергенова Айкерим Кажданбаевна.

«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша – 3 орын: 2 курс студенті Ахметкали Алина, жетекшісі Джулдугулова Алия Кадыргалиевна

 

2025 жылдың 23-25 сәуір күндері Аксай техникалық колледжінде Ашық есік күні өтті. Аксай қаласының мектептерінен және ауылдық жерлерден келген оқушыларға колледж таныстырылып, мамандықтардың ерекшеліктері түсіндірілді.

Мақсат – жастарды жұмысшы мамандықтарға қызықтыру, олардың мәнін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағыттау.

 

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ

2025 жылдың 4 ақпан күні Сервис және жаңа технологиялар колледжінде студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, жұмысшы мамандықтарын табысты маңсап және болашақтың негізі ретінде дамыту стратегияларын талқылып, инновациялық оқыту әдістерін енгізу, практикалық дағдыларды жетілдіру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту арқылы білім беру үдерісін жетілдіру мақсатындаЖұмысшы мамандық- жарқын болашақтың бастауытақырыбында практикалық семинар өтті.

Семинарға колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлері Сатаева Анар Куанышкалиевна және Джулдугулова Алия КадыргалиевнаТүстердің күші: түстерге негізделген смузилертақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.

2025 жылдың 22 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында TED-x форматында “Өмірде жолы болған адаммен кездесу” тақырыбында колледж түлегі, өз мамандығы бойынша үлкен жетістіктерге жеткен, ірі кәсіпкер А.Таженовпен дөңгелек үстел өткізілді.
“ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР” ЖЫЛЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа жолдауында биылғы жылды “Жұмысшы мамандықтар” жылы деп жариялап, елімізде бірқатар жұмыстар мен бағдарламалар іске асырылуда. Осыған орай, 17 қаңтар күні Орталық аудандық кітапханасымен бірлесіп “Жұмысшы мамандықтар” жылы бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған «Жұмысшының күні-Жарқын болашаққа жол» атты әдеби танымдық сағаты оздырылды. Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын таныту арқылы жастарды еңбекқорлыққа, өз мамандықтарына адал, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.

“ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР” ЖЫЛЫ

“Жұмысшы мамандықтар” жылына орай, “Ашық есік” күні аясында 22 қаңтар күні Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп, Ақсай қаласы 2 ЖОББМ- нің 9-10 сынып оқушыларына мамандық таңдауға серпін беруге, колледжің техникалық “Дәнекерлеу ісі”, “Электрмонтаждау”, “Аспаз ісі”, “Техник- механик” мамандықтары бойынша арнайы мамандарымен экскурсия ұйымдастырылды.

“ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР” ЖЫЛЫ

11.06.2025ж күні Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Ақсай техникалық колледжінің жоғары курс студенттерімен Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Табысқа жету жолы: жұмысшылардың тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өткізілді.Шараның басты мақсаты – өз ісіне адал, еңбекпен шыңдалған жұмысшы мамандардың өмір жолын үлгі етіп, еңбекке құрмет көрсету және табысқа жету жолындағы адалдық, табандылық туралы ой қозғау.Шараға әртүрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар қатысып, өздерінің еңбек жолдары туралы сыр шертіп, жастар үшін құнды өмірлік сабақтармен бөлісті.

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА

орай 09.04.2025ж күні онкүндік аясында “Жандос М.Ж.” ЖК, Western bar мейрамханасының аспазшысы А.К.Таскалиеваның қатысуымен “Пицца тамағын дайындау” тақырыбында 43к тобында өндірістік оқыту шебері Сатаева Анар Куанышкалиевна ашық сабақ өткізді.

“ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР” жылына орай10.04.2025ж күні Ақсай техникалық колледжінде “Аксайавтотранс” әлеуметтік серіктестіктің қатысуымен “Электрожабдықтар” мамандығы бойынша білім алушылар арасында өзара шеберлік сайысы оздырылды.

Copyright © 2025
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Сайт жасау
студия "Web-inSite"