БҚО әкімдігі «Білім беру басқармасының»
«Ақсай техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының
2016-2017 оқу жылына қабылдау
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы қағидалар.
- МКҚК «Ақсай техникалық колледж» мекемесіне 2016-2017 оқу жылына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары ережелері 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, №130 19.02.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау типтік ережелеріне, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенттеріне сәйкес колледжге қабылдау тәртібін реттеуді белгілейді.
- МКҚК «Ақсай техникалық колледжіне» негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген, халықаралық келісімшарттармен, сондай ақ Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерімен жасасқан келісім шарт бойынша шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар; Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын қазақ ұлтының өкілдері қабылданады.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық келісімшарттар тәртібімен колледжге қабылданады.
-
Білім беру ұйымдарына оқуға түсу барысында төмендегі тұлғалар үшін қабылдау квоталары қарастырылған:
1) 1 және 2 топтағы мүгедектер қатарындағы азаматтар, балалық шағынан мүгедектер, мүгедек-балалар – 1 пайыз;
2) Соғысқа қатысушылар және соғысқа қатысқан мүгедектерге кепілдігі мен жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар – 0,5 пайыз;
3) Көрсетілген Ережелерге 1 қосымшаға сәйкес ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл жастарының қатарынан болған азаматтарға – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған қазақ ұлтының өкілдері – 2 пайыз;
5) Балалар: жетімдер және ата аналарының қамқорынсыз қалған балалар – 1 пайыз.2. Қабылдауды ұйымдастыру.
- Білім беру ұйымдарында азаматтардың оқуға тапсырған өтініштерін қабылдау үшін, оқуға түсу емтихандары мен оқушылар құрамына тіркеу үшін 1-маусымнан өз жұмысын бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады.
- Қабылдау ережелері туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдау комиссиясының шешімдері және қабылдауды ұйымдастыруға байланысты өтініштер бойынша, оқуға түсу емтихандарының өткізілу кестесі, оқуғақабылдау нәтижелері оқуға түсуші талапкерлердің назарына уақытында жеткізілуі тиіс.
- Азаматтардың оқуға түсу өтініштерін қабылдау 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүргізіледі, кешкі және сырттай оқу түріне қабылдау 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүреді.Күндізгі бөлімге оқуға түсу емтихандары 1 тамыздан 28 тамыз аралығында өткізіледі, сырттай оқу бөліміне түсу емтихандары 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
- Оқуға түсуші үміткерлер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдану туралы өтінішке қоса төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) № 086-У флюросуретімен бірге медициналық анықтама, 1 мен 2 топтағы және балалық шақтан бергі мүгедектер үшін – медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
3) 3x4 көлеміндегі 4 фотосурет;
4) ҰБТ сертификаты немесе кешендік тестілеу сертификаты (ағымдағы жылдың жалпы орта білімі бар түлектер үшін);
5) оқуға түсушінің тұлғасын растайтын құжаттарды өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдерімен ұсынады
Оқыту түрі бойынша және келісім шартпен (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеліп, есепке алынады. -
Оқуға түсу емтихандары төмендегі азаматтар үшін: жалпы орта, техникалық және кәсіби білімі бар (ағымдағы жылдың негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінің түлектері, шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желілері бойынша өзбек, ұйғыр және тәжік тіліндеоқыған білім алушылар, техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріненкелген кәсіби жақындығы жоқ мамандыққа түсушілер, сондай-ақөткен жылдардың түлектері үшін), негізгі жалпы және орта білім бағдарламасының көлемінде үш пәннен өткізіледі (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық саласына қатысты пән);
Негізгі жалпы білімі барлар – негізгі жалпы білім бағдарламасы көлемінде екі пәннен (қазақ немесе орыс тілінен және мамандық саласына байланысты пәннен) тапсырады;
Мамандық саласына байланысты пән 2к қосымшаға сәйкес осы Ережемен анықталады.
8 пункте көрсетілгендей негізгі орта, жалпы орта білімі бар азаматтар үшін оқуға түсу емтихандары – тест үлгісінде өтеді.
Колледжге түсушілер емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады. -
Оқуға түсу емтихандарын өткізу барысында:
1) тест үлгісінде тест тапсырмаларының (сұрақтарының) саны әр пән бойынша – 25; әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тест тапсырмасын орындауға 2 сағат 15 минут беріледі, ал екі пән бойынша - 1 сағат 30 минут; дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу біткеннен кейін бірден ілінеді; тестілеу қорытындысы өткізілген күні жарияланады; -
Пәндер бойынша тест тапсырмаларын (сұрақтарын) және емтихандарын бағалау барысындағы дау мәселелері мен ортақ талаптың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында білім беруді ұйымдастыруда оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында аппеляциялық комиссия құрылады.
-
Тестілеу қорытындысына қанағаттанбаған азамат(ша) аппеляцияға беруге құқығы бар.
Аппеляция қабылдау комиссиясына оқуға түсу емтиханын қорытындысын жариялағаннан кейін келесі күннің сағ 13-не дейін беріледі және өтініш білдірушінің қатысуымен аппеляциялық комиссия қарап талқылайды. -
Тестілеуді немесе оқуға түсу емтиханын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3. Оқушылар қатарына тіркеу .
-
Азаматтарды колледжде білім алу қатарына қосу азаматтардың өтініші бойынша байқау негізінде жүреді. Байқаудың шарты білім алу құқығын сақтауға кепілдік береді және мейлінше қабілетті техникалық және кәсіби оқу бағдарламаларын, кәсіби меңгеруге дайын азаматтарды тіркеуді қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарына тіркеу күндізгі оқу түріне 25 тамыздан 30 тамыз аралығында, ал сырттай оқу түріне 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында байқау негізінде өтеді.
Байқау төмендегі негізде өткізіледі: оқуға түсу емтихандарының қорытындысы бойынша ҚР-ның ЖОО-ға түсу үшін кешенді тестілеу түрінде өткізілген ҰБТ сертификаты балл көрсеткіштерінің негізінде, білім беру ұйымының тестілеуі негізінде өткізіледі.
Байқауды өткізу барысында ҰБТ-да көрсетілген немесе кешенді тестілеудегіүш пәннің қорытынды балл көрсеткіші ескеріледі.
Білім алушылар қатарына өту үшін байқауға қатысуға жіберілмейтіндер:
- негізгі білімі барлар үшін екі пәннен 20 баллдан кем болса;
- жалпы орта білімі барлар үш пәннен 30 баллдан кем болса; -
Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіби білім беру кадрларын даярлау үшін білім алушылар қатарына тіркеудегі байқау барысында төмендегілер қосымша мүмкіндіктерге ие:
1) «Алтын белгі» марапаттауын алған тұлғалар;
2) Жалпы білім беретін пәндерден ғылыми сайыстар мен олимпиядалардың жеңімпаздары (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған.), республикалық және халықаралық байқау орындаушылары, сондай-ақ соңғы үш жылдың ішінде спорттық жарыстардың жүлдегерлері (бірінші, екінші, үшінші дәрежелідипломдармен марапатталған.), аталғандардың тізімдері облыстық білім беру өкілетті органдармен анықталады, сонымен қатар республикалық олимпиядалар және жалпы пәндерден ғылыми сайыстардың жеңімпаздары.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар қатарына тіркеудегі бірдей көрсеткіштер болған жағдайда қосымша құқық (растайтын құжаттары болған жағдайда) жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, 1 және 2 топтағы соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер мен кепілдемелерге теңестірілген мүгедектер, бұл тұлғалардың медициналық-әлеуметтік сараптамалардың қорытындысы білім беру ұйымдарында оқуға қарсы болмаса беріледі, және білім берудегі үздік үлгідегі қасымша құжаттары (куәлік, аттестат, диплом) болған жағдайда. -
Білім беру ұйымына тіркеу қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар, оқыту тілдері бойынша бөлек өткізіледі.
-
Колледжге оқуға қабылдау тәртібінің осы ережелері 2016 жылғы мамыр айындағы пед кеңесте қаралады және бекітіледі.
Қазақстан Республикасының техникалық
және кәсіби білім берудің кәсіби оқу
бағдарламаларын жүзеге асырушы
МКҚК «Ақсай техникалық колледжіне»
оқуға қабылдау ережелеріне
Қосымша 2
Техникалық және кәсіби білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асырушы МКҚК «Ақсай техникалық колледжіне» оқуға қабылдау үшін техникалық және кәсіби білім беру мамандықтары тізімі
№ |
Код |
Мамандықтар атаулары |
Бағдарлық пәндер атауы | |
Негізгі орта білім базасы |
Жалпы орта білім базасы негізінде | |||
1200000 - Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалары бойынша) | ||||
1 |
1201000 |
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
математика |
математика |
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару | ||||
2 |
0508000 |
Тамақтандыруды ұйымдастыру |
математика |
математика |
1100000 - Көлік (салалар бойынша) | ||||
3 |
1115000 |
Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) |
математика |
математика |
4 |
1114000 |
Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) |
математика |
математика |
1504000 «Фермер шаруашылығы» | ||||
5 |
150406 2 |
«Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» |
математика |
математика |