Сәлеметсізбе, психолог парақшасына қош келдіңіз!
Құрметті қолданушылар мен сайтымыздың қонақтары!
Біздің колледжде әлеуметтік-психологиялық қызмет етеді.
Педагог-психолог жұмысының міндеттері:
- Білім беру процесінде студенттер мен студенттік топтарды психологиялық-педагогикалық қолдау, студенттердің психологиялық қауіпсіздігін арттыру, әлеуметтік бейімделуді, еңбек нарығында сұранысқа ие түлек қалыптастыру.
- Колледжде білім беру үрдісінің сапасын арттыруға ықпал ететін және оның әрбір субъектілерінің жеке әлеуетін барынша толық ашуға бағытталған әлеуметтік-психологиялық жағдайларды қамтамасыз ету.
- Әртүрлі жас топтары студенттерінің психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін құру.
Міндеттер:
- Туындаған қиындықтарды уақытында алдын алу және тиімді шешу мақсатында студенттердің әлеуметтік-психологиялық мәртебесі мен бейімделуінің ерекшеліктерін зерттеу.
- Мақсаты “Мен” позитивті бейнесін, бірегей және қайталанбас тұлғаны, коммуникативтік құзыреттілікті, өмірге деген құндылықты көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу.
Жоспарға сәйкес психологиялық қызмет келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
- Диагностикалық жұмыс – студенттердің мазасыздану деңгейін, эмоциялық жағдайын анықтау, ұжымдағы психологиялық климатты зерттеу, қабілеттерді, қызығушылықтарды және т.б. диагностикалау.
- Психокоррекциялық жұмыс – өзіне және басқаларға позитивті, төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоцияларын басқара білу, аутотренингтерге, шешендік шеберлік өнеріне, пациенттермен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларына үйрету.
- Кеңес беру қызметі – қиын өмірлік жағдайда психологиялық көмек және қолдау көрсету.
Жұмыс түрлері:
- студенттермен топтық жұмыс
- топ жетекшілерімен жұмыс
- ата-аналармен жұмыс (ата-аналар жиналыстарын қосқанда)
Колледж педагог-психологына хабарласуға болатын және қажет болатын сұрақтар:
- Оқудағы қиындықтар
- Топтағы өзара қарым-қатынас
- Ата-аналармен қарым-қатынас
- Өмір жолын таңдау
- Өзін-өзі басқару және өзін-өзі дамыту
Психолог – қандай да бір қасиеттерді, дағдылар мен іскерлікті дамыту технологиясын меңгерген және осы технологияны сізбен қуана бөлісетін адам.
Біздің сайт беттеріне жақсы және пайдалы виртуалды саяхат тілейміз.
Құрметпен, педагог-психолог Демесинова Кунсулу Нагимовна (+7 777 283 36 47 WhatsApp).