Мамандық атауы
Білім беру коды мен бейіні: 1100000 - Көлік (салалар бойынша
Мамандық : 1114000 – Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
Біліктілік: 111404 2 – Электр және газбен дәнекерлеу
Оқу түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: Негізгі орта білім базасында 2жыл 10ай
Жақын мамандықтар
Кәсіби қызмет салалары
Мамандық сыныптамасы
Еңбек бойынша мамандық тұрпаты: Электр және газбен дәнекерлеушілер үнемі артық жұмыстануы, көлемді ақпараттарды жылдам және өз бетінше бағалау, механиканы, химия мен физиканы білуі тиіс, есте сақтау қабілеті жақсы және дене күші жағынан төзімді болуы тиіс.
Мақсатқа жету бойынша мамандық тұрпаты: түрлендіргіш
Еңбек құралдары бойынша мамандық тұрпаты: қолдық, механикаландырылған
Еңбек жағдайы бойынша мамандық тұрпаты : күрделі
Мамандық сыныбы: орындаушылық(газ және электрмен дәнекерлеуші еңбек сипаты бойынша белгіленген ережелер, нормативтер мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, стандартты тапсырмаларды орындайды. )
Мамандықты сипаттау
Электргазбен дәнекерлеуші жалпақ металдарды кесу және түрлі пішіндерді кесу және дәнекерлеу жұмыстарын орындайды. Ол қосылатын металдардың бөліктерін дәнекерлеу үшін дайындап, одан соң тігістерін тазартады. Көлденең, тігінен, төбесінен тігістерін дәнекерлейді. Раковиналардың жарықтарын дәнекерлеп, металл кесуді автоматты не жартылай автоматты машиналарда орындайды.
Сызбаларды оқып, техникалық құжаттамалармен жұмыстанады. Қазіргі кезеңде электр және газбен дәнекерлеушіден жан – жақты білім, компьютер білімі талап етіледі. Металл құрылымдарын электрдоғалы және газдық дәнекерлеумен пісіреді. Бұл бірден бір құрметті мамандық.
Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар
Электргазбен дәнекерлеуші жауаптылық, адалдық, ұқыптылық, төзімділік, шыдамдылық сияқты жеке сапаларды иеленуі тиіс. Электргазбен дәнекерлеуші аллергиялық ауруларға икемсіз болуы, жандырғыш пен электродтарды тіке ұстайтындай қуатты қолы болуы тиіс. Зейінді болуы және жұмыс орнында ішімдік қолданбауы тиіс.
Электргазбен дәнекерлеушінің маңызды кәсіби сапаларына жататындар:
- мықты денсаулық;
- дене күші төзімділігі;
- көзінің жақсы көруі;
- айналаны аңғарушылығы;
- дәл көздеу;
- түстерді айыра білушілік;
- үйлесімділік;
- қозғалыс дәлдігі;
- зейінділік;
- сақтық;
- жақсы есте сақтау қабілеті;
- жылдам қимылдау.
Дәрігерлік қайшылықтар
- гипертониялық аурулар;
- бронхиалды астма;
- тірек – қозғалыс сүйектері аурулары;
- ревматизм;
- көзінің нашар көруі;
- қолының қалтырауы;
- қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы;
- психикалық аурулар;
- есінен тану аурулары
- салқын тию ауруларына икемділік;
- зиянды әдеттер: ішімдік, темекі және т.б.
Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар
Электргазбен дәнекерлеуші білуі тиіс:
- газбен пісіруші және газбен кесуші аппараттардың, газ генераторларының, автоматты және жартылай автоматты электрмен дәнекерлеушілердің, кислородты және ацетиленді баллондардың, дәнекерлеу жандырғыштарының құрылыстары мен қызмет істеу принциптерін;
- жандырғыш, редуктор, баллондарды пайдалану ережелерін;
- ұстау әдістері мен негізгі тәсілдерін;
- дәнекерлеу кезінде тігістерін бөлу формаларын;
- қорғаныш газымен дәнекерлеу кезінде қорғанысты қамтамасыз ету ережесін;
- дәнекерленуші қосылыстар мен тігістер тұрпаттарының түрлерін;
- дәнекерлеу үшін бұйымдар қиқымдарын дайындау ережелерін;
- сызбаларда дәнекерлеу тігістерін белгілеу және бөлу тұрпаттары;
- дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтардың, металл мен қоспалардың, газ бен сұйықтардың негізгі қасиеттерін;
- баллондағы газдың рұқсат етілетін қысымын;
- дәнекерлеуде қолданылатын флюстердің таңбалары мен белгілерін;
- бақылау – өлшеу приборларының қолдану шарттарын;
- дәнекерлеу кезінде пайда болатын ақаулықтар себептерін және оларды ескерту тәсілдерін;
- газ жалынының сипатын;
- дәнекерлеу тігісіне және ауада жонғаннан кейін жоғарғы бетке қойылатын талаптарды;
- болат маркасына тәуелді электродтар маркасын іріктеуді;
- электродтарды майлауды белгілеуді және қасиетін;
- дәнекерлеу тігісінің құрылысын;
- оларды сынау тәсілдері мен бақылау түрлерін;
- детальдар мен олардың түйіндерін дәнекерлеуге дайындау ережелері;
- металл маркасы мен қалыңдығына тәуелді металл қыздыру режімдерін іріктеу ережелерін;
- дәнекерленетін бұйымдардың ішкі кернеулері мен ақаулықтарының пайда болу себептерін;
- түрлі болаттар, түсті металдар мен қоспалардың детальдарын дәнекерлеуде негізгі технологиялық тәсілдерді;
- кислородты және газэлектрлі кесу кезінде газ шығыны мен кесу режімін;
- кең таралған газдарды алу мен сақтау әдістерін: ацетилен, сутек, кислород, пропан-бутан;
- легирленген темірлерді газбен кесу процестерін.
Еңбек жағдайы
Электргазбен дәнекерлеуші цехтарда ашық ауада, төмен және жоғары температура жағдайында жұмыс істейді. Дәнекерлеу жабдықтары қондырғыларын, дәнекерлеу құрылғыларын және т.б. тасымалдауға байланысты үлкен күшті талап етеді.
Электргазбен дәнекерлеушінің еңбек жағдайы мынадай зиянды және қауіпті факторлармен сипатталады:
- микроклимат (температура, ылғалдылық, тігістік аэрозоль, ауа қозғалысының жылдамдығы);
- электр магниттік шарпулар;
- ультрафиолетті радиация;
- иондалған шарпулар;
- статистикалық, электрлі және магнитті өрістер, электр шынжырындағы жоғары кернеу, адам денесі арқылы өтетін тұйықталулар;
- өндірістік шулар;
- жұмыс аймағындағы (орнындағы) жеткіліксіз немесе жоғары жарықтар;
- биіктіктегі жұмыстар
Электргазбен дәнекерлеуші арнайы киім мен аяқ киім киеді. Міндетті түрде каска, бетті және газды электрлі шарпулардан қорғайтын маскалар киюі тиіс.
Кәсіби қауіптер
Талап етілетін кәсіби білім
Электргазбен дәнекерлеушінің кәсіби білімі болуы қажет. Цехқа және құрылыс нысанына жаңа техниканың түсуі дайындықты,білім беру ұйымдарында біліктілік арттыруды талап етеді.
Электрогазбен дәнекерлеушінің біліктілік деңгейі дәнекерлеу жұмыстарындағы технологиялық процестерді жүзеге асыруға, машиналарды жұмысқа пайдалану мен ұстай білуге, жұмыс орнында тиімді еңбек жағдайын ұйымдастыруға, еңбекті қорғауға, өрт қауіпсіздігін және өндірістік санитарияны сақтауға көмектеседі.
Білім беру мекемесі
Кәсіби білім алу жолдары: колледж бен өндірістегі оқу (разряд біліктілігін арттыру).