ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Мамандық атауы

Мамандығы: 1501000 «Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

Біліктілігі: 150102 2 «Машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері»1501000 «Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу»

Біліктілігі: 150102 2 «Машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері»

Бір – біріне жақын кәсіптер

Слесарь- жөндеуші,  техник – механик.

Кәсіби қызмет салалары

Қызмет көрсету:  қызмет көрсету, өнеркәсіп

Мамандықтың сыныптамасы

Мамандық «Адам-техника» типіне жатады.

Техникалық обьектілердің ерекшеліктері:

  • Көптеген белгі бойынша нақты өлшемді талап етеді;
  • Өңдеу, өзгерту,кеңістікте қозғалу немесе бағалауда жұмысшыдан нақтылық, анықтылық талап етіледі;
  • Ұқыптылық пен жоғары орындаушылық тәртіп қажет.

Әрине мұндай қасиеттер барлықтарына да қажет, дегенмен техника саласында ерекше назар аударылады.

Еңбек пәні бойынша мамандық түрлері: негізгі жұмыс ауыл шаруашылық машиналары мен механизмдеріне диагностика жүргізу, техникалық кызмет көрсету, және жөндеуге байланысты.

Мақсат белгісі жөніндегі мамандық түрі: мамандық ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу процесіне байланысты.

Еңбек құралын пайдалану бойынша мамандық түрі: қолмалы, мехнизацияланған.

Еңбек жағдайы бойынша мамандық түрі : ашық ауада және жабық орындарда (шеберхана, ТҚС)  жұмыс жасау

Мамандық сипаты: орындаушы. Бұл жұмысына берілген үлгіні сақтай отырып, шешімдерінің орындалуы ережелер мен нормативтер, нұсқаулықтар бойынша, стереотиптік әдіспен шешуіне байланысты. Көп жағдайда осы класс мамандығы жоғары білімді талап етпейді.

Мамандыққа сипаттама

Машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері – бұл білікті кең профильді, трактор, комбайн және ауыл шаруашылық машиналарға техникалық қызмет көрсету,  жабдықтарын баптау және реттеу, бірліктері мен тетіктерді құрастыру, машиналарды техникалық диагностикалау  жұмыстарын орындайтын жұмысшы. Істен шығу  себептерін анықтау және жою, машиналардың құрамдас бөліктерін бөлшектеу және монтаждау,  қозғалтқыш және шассиге арналған  жекелеген  бірліктерін құрастыру.  Слесарлық өңдеу бойынша, оларды пішу бөлшектерінің сапасын тексеру және құрастыру. Техникалық қызмет көрсету (тқк) – машиналардың ақаусыз жұмыс жасауына негізделген кешенді жұмыстар.

Маманның жеке ерекшелік қабілетіне қойылатын талаптар

- Сенсорлық жады;
- Қолдың саусақтарының үлкен қозғалғыштығы
- Жақсы координация
- Жылдам реакция
- Назар бөлу
-Тәртіп
-Бақылаушылық
-Есту қабілеттілігі
- Қарқынды физикалық еңбек, бір мезгілде, дене төзімділігін, дәлдікті және ұқыптылықты талап етеді.

Медициналық қарама-қарсылық

  • Көру органдарының ауруы
  • Ревматологиялық аурулар
  • Қол саусақтарының деформациясы
  • Психика мен жүйке жүйесінің бұзылуы.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері білу керек:

  • Тракторлар мен автомобильдердің құрылысы, белгілері, типтері жүргізу бөліктері бойынша жіктелуін;
  • Тракторлар мен автомобильдердің негізгі бөліктерін;
  • Қозғалтқыштардың жіктелуін, қозғалтқыштардың негізгі механизмі мен жүйелерін олардың белгілерін;
  • Қозғалтқыштардың техникалық сипатын;
  • Қозғалтқыштардың жұмыс циклі туралы түсініктерді;
  • Негізгі механизмдер мен қозғалтқыш жүйелерінің құрылым мен жұмысн;
  • Бөлшектердің белгілерін, өндеу материалдарын;
  • Қозғалтқыш механизмі мен жүйесінің муфтардың, ілініс және беріліс қораптарының, артқа мост пен басқару механизмдерінің құрылысы мен негізгі ақаулары және оларды жөндеу тәсілдерін;
  • Көлік құралдарының электроқондырғыларының, трансмиссия, беріліс қораптарының, тарату қорабының, жүргізүші бөлігінің, басқаруының  тежегішінің жалпы құрылысың және жұмыс істеу принципін, жұмыс істеу ережесін;
  • Техникалық диагностика түрлерінің жіктелуін;
  • Техникалық диагностика міндеттерін;
  • Диагностика тәсілдерін,қос-иінді бұлғақты механизм, газ таратушы механизмді, салқындату және майлау жүйесін, комбайн агрегаттарына техникалық қызмет көрсетуді, қоректендіру жүйесін, ауа тазартқышты, камераларды, комбайындардың механизмдерін сараптау және техникалық қызмет көрсетуді;
  • Автомобильдердін тежегіш жүйесін, басқару рульдерін, жүргізуші бөлігі мен трансмиссияларын, комбайндар мен тракторлардың гидравликалық жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді;
  • Қуаттылықты өлшеуіштерді пайдалану технологиясы мен құрылымын.

Қолдану аймағы

Білікті  машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері халық шаруашылығының көптеген салаларында жұмыс істей алады:

- машина жасау зауыттарында (автомобильдерді жинақтау, трактор, ауылшаруашылық  машиналары және жабдықтары)
- автошеберханаларда,гараждарда және кіші, үлкен кәсіпорындарда
- агрокооперативтарда.

Еңбек жағдайы

Білікті машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері арнайы жабдықталған үй-жайда және ашық алаңдарда еңбектенеді. Жұмыс  жоғары дене төзімділікті талап етеді.

машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері машиналар мен жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізеді және айқын тұжырымдалған мақсаттарды орындайды, стандарттық типтік міндеттерді шешеді .

Кәсіби бейімділік

- Аллергиялық және тұмау аурулары;
- Жарақаттану мүмкіндігі.

Талап етілетін кәсіби білімдер

Машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері болу үшін техникалық және кәсіптік білім алу қажет.

Білім беру мекемесі

Маман  болу жолдары: Ақсай техникалық колледжі, өндіріс орнында оқу (біліктілікті разрядын арттыру)

Мансаптық өсу

Машина механизмдерін жөндеу және пайдалану мастері мамандығының  ықтимал даму жолдары - шектес облыстарын  мамандандыру  және игеру.

Өз мамандығы бойынша кәсібилікті артыру, күрделі және жауапты міндеттерді орындап, үнемі кәсіби білімін жетілдіріп, өз разрядың арттырып, мамандық шеңберінде жаңа мамандықтарды игеру.Экономика саласынан жақсы білімі болса және өз разрядын үнемі арттырып жатырса  жеке кәсіпорын ашуға мүмкіндігі болады. Уақыт келе еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бола тұра жетекшілік лауазымдарына үміттене алады.

Copyright © 2023
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"