Мамандық атауы
Білім коды және бейіні: 0800000 – Мұнайгаз және химиялық өндіріс
Мамандық: 0809000 - Мұнай және газ кенорындарын пайдалану
Біліктілігі: 080905 2 - Мұнай және газ өндіру операторы
Оқу түрі: күндізгі
Оқытудың мөлшерлік мерзімі: Негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай
Туыстас мамандықтар
Скважиналарды жерасты жөндеу операторы, қабаттарды гидравликалық ажырату операторы, скважиналарды зерттеу операторы, мұнай және газ өндіруде пульт басқару операторы
Кәсіби қызмет салалары
Мамандық сипаттамасы
Еңбекке қатысты мамандық түрі: Мұнай және газ өндіру операторы үнемі артық жұмыс істейді, кең көлемді ақпараттарды жылдам және тез бетімен бағалайды, химия, механика, физика пәндерін білуі керек, есте сақтау қабілеті жақсы және дене күші жағынан төзімді болуы тиіс.
Мақсат қою жағынан кәсіп түрі: түрлендіргіш
Еңбек құралын қолдану жағынан кәсіп түрі: қолмен жұмыс істеу, механикалық.
Еңбек жағдайы жағынан кәсіп түрі: күрделі жағдай
Кәсіп түрі: мамандық «адам-техника» түріне жатады және техникалық құрылғыларды жинау, бөлшектеу, құру, жөндеумен байланысты техникалық құралдарды пайдалану, техниканы жөндеу. Орындаушылық істер.
Мамандық сипаттамасы
Мұнай және газ өндіру операторы мұнай мен газ өндіру әдістері кезіндегі технологиялық процестерді жүргізеді, қызмет көрсетеді, жабдықтар мен механизмдерді бөлшектеп, жинақтайды.. Скважина жұмыстарының белгіленген режімін сақтап, газ дайындаудағы кешенді қондырғылардың, топтық өлшеу қондырғыларының, газды жерасты сақтау станциялары және басқа нысандардың жұмыстарын жүргізеді. Мұнайкәсіпшілігі жабдықтары мен арматуралардың механизмдерін жинайды және әзірлейді, жөндейді. Жерасты және жер үсті скважиналарының жоғары қысымын бумен өңдейді. Бақылау және автоматика құралдарының көрсеткіштерін анықтайды. Скважиналар мен басқа да мұнай кәсіпшілігі скважиналары жұмыстарындағы ақаулықтар жөнінде оператолар мен жетекшілерге ақпарат береді. Газлифтілі скважиналар коммуникацияларына техникалық қызмет етеді. Газ құбырлары жұмыстарын өлшейтін приборлардың көрсеткіштерін біліп, газ бен сұйықтықтардың шығынын есептейді. Қазіргі заманғы мұнай және газ өндіру операторларынан жан – жақты білім және компьютер игеру талап етіледі.
Маманның жеке ерекшелігіне талаптар
Мұнай және газ өндіру операторы жауаптылық, адалдық, ұқыптылық, төзімділік, шыдамдылық сияқты жеке сапаларды меңгеруі қажет.
Мұнай және газ өндіру операторы мынадай кәсіби маңызды сапаларды иемденуі тиіс:
- Дене күші мықтылығы;
- Зейінінің икемді болуы;
- Көзбен есте сақтауы жоғары;
- Иісті сезінуі жоғары;
- Көңіл – күй эмоциясы тұрақты;
- Қозғалу жағдайы жақсы;
- Сақтық, ұқыптылық, сенімділік, жауаптылықта болуы.
Дәрігерлік көрсеткіштер
- Тірек – қимыл аппараттары қызметінде бұзылушылық болмауы;
- Көру, есту және сезіну органдарының сау болуы;
- Жүйке аурулары мен психикалық ауруларының болмауы;
- Естен тануға жетелейтін аурулардың жоқтығы;
- Биіктіктен қорықпауы;
- Мұнай өнімдері мен химиялық өнімдер иісіне аллергиясының болмауы.
Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар
Мұнай және газ өндіру операторы білуі тиіс:
- Мұнай және газ кенорындары туралы негізгі мәліметтерді;
- Мұнай, газ және конденсаттардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
- Қызмет көрсететін скважиналардың технологиялық режімдерін;
- Скважина мен қондырғылардың жерүсті жабдықтарына қызмет көрсету мен пайдалану ережелерін, бақылау – өлшеу приборларын қолдануды;
- Мұнай, газ және конденсаттарды өндіру, жинау, тасымалдаудағы технологиялық процестерді, газды айдау мен іріктеуді;
- Қызмет ететін учаскедегі мұнай, газ және конденсаттарды жинау мен тасымалдау схемаларын;
- Қызмет көрсететін бақылау – өлшеу приборларының құрылғыларын, аппаратураларды, автоматика мен телемеханика құралдарын;
- Жерүсті кәсіпшілігі жабдықтарының, қондырғыларының, приборлары мен құбырлардың техникалық сипатын және пайдалану ережелерін;
- Мұнай және газ өндіру интенсификациялары әдістері туралы жалпы түсініктерді, скважиналарды зерттеу, мұнай мен газ кенорындарын әзірлеуді, скважиналарды жерасты күрделі жөндеуді;
- Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау мен игерудің негізгі техникасы мен технологиясын;
- Кәсіпшілік жабдықтарын пайдалану ережелері мен электртехникалық қондырғылар жұмыстарын;
- Жұмыс орнында еңбекті ұйымдастыруды, жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды және тиімді жұмыс режімін;
- Скважиналарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі қорғауды білуі тиіс.
Еңбек жағдайы
Мұнай және газ өндіру операторының жұмыс жағдайы түрлі өндірістік шу, ауыр еңбек сияқты өндірістік факторлармен сипатталады. Операторлар көбіне қауіптіліктің 2-4 класына жататын көмірсутектер, дигидросульфид, басқалай түрлі реагенттердің әсеріне ұшырайды. Өндірістік жабдықтар ашық жерлерде орналасқандықтан, жыл мезгілдеріне тәуелді жоғары және төмен температуралар әсерінде жұмыс істейді. Негізгі технологиялық операциялар механикаландырылғанына қарамастан, түрлі қосымша жұмыстар қолмен істеуде дене күшін талап етеді. Оператор жұмысы түнгі аусымды қосып есептегенде вахталық болып саналады. Мұнай және газ өндіру операторы арнайы киіммен, аяқ киіммен,жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Кәсіби тәуекелдік
Кәсіби ауруларының ерекшелігі – өзіндік бірнеше нозологиялық түрлердің жиі болуы. Жиі ұшырасатын ауруларға вегетативтік –сенсорлық полинейропатия мен иық-жауырын артрозы және беломыртқа радикулиті жатады. Кәсіби ауруларға жұтқыншақ – өкпе жүйелері аурулары жатады (бронхит, пневмокониоз). Лаборанттарда мұнай өнімдері иісін сезінудің созылмалы аурулары тән.
Талап етілетін кәсіби білім
Мұнай және газ өндіру операторының кәсіби білімі болуы тиіс. Мұнай және газ өндіру операторының біліктілік деңгейі мұнайгаз және конденсат өндірудің барлық әдістері кезіндегі технологиялық процестерді еркін қолдануды, қабаттарды гидроажыратудығы процестерді жүргізуді, скважиналарды зерттеудің түрлерін жүзеге асыруды, мұнайкәсіпшілігі жабдықтарына, бақылау – өлшеу құралдары мен қондырғыларына қызмет ету мен жөндеуді, жұмыс орнында жұмысты тиімді ұйымдастыра білуді, еңбекті қорғау мен өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Білім беру мекемесі
Кәсіби білім алу жолдары: колледж, кәсіпорындар мен салалық мекемелерде жұмысшылар мен қызметшілердің білімін көтеру.
Мансаптық өсу
Мұнай және газ өндіру операторының мансаптық өсуі шеберлігінің артуымен, кәсіби еңбек өтілінің жинақталуымен, аралас білімдерді, қосымша білімдерді игеруімен сипатталады. Соның ішінде өз білімін мұнайгаз салаларына қолдануы артықшылық болып саналады. Сондықтан мұнай және газ өндіру операторы мамандығын игергендер жақын жердегі таукен өндіру кәсіпорындарында ғана емес, халықаралық мұнайгаз концерндерінде де жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Жетекшілік лауазымдарды иемдену үшін орта және жоғары кәсіби білімі алуы қажет.
Мамандық атауы
Білім коды мен бейіні: 0800000 – Мұнайгаз және химиялық өндіріс
Мамандық: 0809000 - Мұнай және газ кенорындарын пайдалану
Біліктілігі: 080920 2 - Скважиналарды жерасты жөндеу операторы
Оқу түрі: күндізгі.
Оқытудың мөлшерлік мерзімі: Негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай
Туыстас мамандықтар
Газ, мұнай жинау операторы; скважиналарды зерттеу операторы; бұрғышы, бұрғылау қондырғысының машинисі.
Кәсіби қызмет салалары
Өндіріс
Мамандық сипаттамасы
Еңбекке қатысты мамандық түрі: Түрлі машиналар мен механизмдерге байланысты «Адам-техника» түріндегі мамандыққа бейімділік
Мақсат қою жағынан кәсіп түрі: түрлендіргіш
Еңбек құралын қолдану жағынан кәсіп түрі: Еңбек құралдарын пайдалану мен автоматты жүйелерді қолдануға байланысты мамандықтар
Еңбек жағдайы жағынан кәсіп түрі: Ашық ауа мен бөлмелердегі жұмыс
Кәсіп түрі: Белгіленген үлгідегі стандартты тапсырмаларды орындау, бекітілген ережелерді, нормативтік нұсқаулықтарды қатаң сақтау
Мамандық сипаты
Скважиналарды жерасты жөндеу операторы білуі тиіс:
- скважиналарды жерасты жөндеу жұмыстарының технологиялық процестерін орындау;
- жерасты жұмыстарын жөндеу кезінде техника қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
- түсірілген терең сораптарды өлшеу; құралдарды шығару кезінде құлау жұмыстарын болдырмау;
- жерасты скважиналарын жөндеуде технологиялық процестер туралы негізгі мәліметтерді және скважина құрылыстарын білу;
- газ және құм жәкірлерін бөлшектеу және тазарту;
- шаю;
- құм және балшық ертінділерінен тазарту;
- пайдалану бағандары мен сораптық – компрессорлық құбырларды парафиннен, тұздан және шайырдан тазарту;
- құрал – жабдықтармен алдын ала күтім жұмыстарын жүргізу;
- Жерасты скважиналарына қатысты түсіру – көтеру жұмыстарына қатысу;
- қозғалмалы агрегатарды орнату мен бекіту;
- көтеру қондырғыларына қатысты қосалқы – қосымша жұмыстарды орындау;
- скважиналардағы жарықтандыру мен электр жабдықтарын айыру;
- техникалық құжаттамаларды жүргізу;
- электр энергиясы мен материалдарды үнемдеу;
- терең сораптар мен газлифтілі клапандар, жерасты ғимараттарын пайдалану ережелерін білу
Маманның жеке ерекшелігіне қойылатын талаптар
Скважиналарды жерасты жөндеу операторы ұқыптылық, сенімділік, өзін – өзі басқара білу, тәртіптілік, жауаптылық сияқты жеке маңызды сапаларды меңгеруі қажет.
Скважиналарды жерасты жөндеу операторының маңызды кәсіби сапаларына мыналар жатады:
- Мықты денсаулық;
- Зейінінің икемді болуы;
- Көзбен көру, есте сақтау қабілетінің жақсы болуы;
- Көңіл – күй эмоциясының қалыпты болуы;
- Қозғалысын бағдарлай білуі
Дәрігерлік көрсеткіштері
- Тірек – қимыл аппараттары қызметтерінің бұзылмауы;
- Жүрек – қан тамырлары ауруларының болмауы;
- Жүйке – психикалық ауруларының болмауы;
- Есту және көру ақаулықтарының болмауы;
- Өкпесінің саулығы;
- Аллергия болмауы
Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар
Скважиналарды жерасты жөндеу операторының кәсіби мамандығы болуы шарт. Жерасты жөндеу операторы біліктілігінің деңгейі скважиналарды жерасты жөндеуге байланысты барлық технологиялық процестерді жүргізуде еркін жұмыстануға, отсектерді жинақтау мен ажыратуды білуге, механикалық клапандарды ашу мен жабу әдістерін білуге мүмкіндік береді.
Еңбек жағдайы
Скважиналарды жерасты жөндеу операторының жұмыс жағдайы түрлі зиянды өндірістік факторлардың әсерінің болуымен, яғни шу, ауыр еңбек сияқты факторлармен сипатталады. Негізгі технологиялық операциялар механикаландырылғанына қарамастан, түрлі қосымша жұмыстар қолмен істеуде дене күшін талап етеді. Оператор жұмысы түнгі аусымды қосып есептегенде вахталық болып саналады. Скважиналарды жерасты жөндеу операторы арнайы киіммен, аяқ киіммен, басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Кәсіби тәуекелдік
Шу, жарық, тербелу, ауыр еңбек, химиялық факторлардың зиянды әсерлеріне шыдамдылық керек. Ауруларды жеңуі: тыныс алу, нәжіс шығару жүйелері аурулары, артериялық гипертензия, асқазан – ішек жолдары органдары аурулары.
Талап етілетін кәсіби білім
Скважиналарды жерасты жөндеу операторының орта кәсіби білімі – білікті жұмысшыларды дайындайтын бағдарламалық білімі болуы тиіс.
Білім беру мекемесі
Кәсіби білім алу жолдары: колледж, кәсіпорындар мен салалық мекемелерде жұмысшылар мен қызметшілердің білімін көтеруі.
Мансаптық өсу
Скважиналарды жерасты жөндеу операторының мансаптық өсуі шеберлігінің артуымен, кәсіби еңбек өтілінің жинақталуымен, аралас білімдерді, қосымша білімдерді игеруімен сипатталады. Соның ішінде өз білімін мұнайгаз салаларына қолдануы артықшылық болып саналады. Сондықтан скважиналарды жерасты жөндеу операторы мамандығын игергендер жақын жердегі таукен өндіру кәсіпорындарында ғана емес, халықаралық мұнайгаз концерндерінде де жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Жетекшілік лауазымдарды иемдену үшін орта және жоғары кәсіби білімі алуы қажет.